Екі ел арасындағы келісімге 2012 жылы 7 маусымда Астанада Қазақстанның Ішкі істер министрі мен Ресейдің Федералдық көші-қон қызметінің директоры қол қойған. Құжат екі мемлекеттің аумағына кіру және онда болу шарттарын бұзған адамдарды анықтауды және қайтаруды көзейді. Бұл санатқа еліміздің аумағына заңсыз немесе заңды жолмен, бірақ рұқсатының мерзімі өтіп кеткен адамдар жатады.
Сонымен қатар, келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мен Ресей Федералдық көші-қон қызметі осы келісімді жүзеге асыратын құзіретті органдар болып табылады.
«Тұтастай алғанда, келісімді ратификациялау заңсыз көші-қонға қарсы күресті күшейтеді. Екі мемлекет аумағында заңсыз жолмен жүрген тұлғаларды қабылдау мен олардың транзитін халықаралық құқықтарға сәйкес жеңілдете түседі», - деді Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.
Парламент қабылдаған құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.