«2013 жыл Қазақстан-Ресей сауда-саттық қарым-қатынсаның жемісті кезеңі болды. Жыл қорытындысы бойынша Қазақстан ресейдің сыртқы сауда әріптестері арасында 11-орынға тұрақтаса, Ресей Қазақстанның сыртқы сауда әріптестері арасында бірінші орынды алды. Федералды кеден қызметінің мәліметі бойынша, 2013 жылы екі ел арасындағы сауда айналымы 26,5 млрд. долларды құрады, өсім 3 пайызды көрсетті. Ал биылғы 8 айда Қазақстан мен Ресей арасындағы тауарайналымы 14 млрд. АҚШ долларын құрап отыр», - деді А.Яковлев. Айта кетейік, бизнес-миссия жұмысына Удмурт Республикасының 11 ірі кәсіпорны мен Астана қаласы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, сондай-ақ, екі елдің шағын және орта бизнес қатысушылары атсалысты.
13:31, 05 Қараша 2014
Қазақстан мен Ресей арасындағы тауарайналымы биылғы 8 айда 14 млрд. доллардан асты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 2014 жылдың 8 айында 14 млрд. доллардан асты. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Удмурт Республикасының (Ресей Федерациясы) бизнес-миссиясы барысында РФ Сауда өкілі Александр Яковлев айтты.