Бұл туралы бүгін өткен брифингте Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлімдеді.
«Сонымен қатар, 14 наурызда Алматыда «Қазғарыш» басшысы Талғат Мұсабаевтың басшылығымен «Ғарыштық зерттеулер және технологиялар ұлттық орталығы» АҚ-ның 10 жылдығына орай ғарыш, ғылым және технологиялар тақырыбында жұмыс кеңесі өтеді», - деді А. Әбибуллаев.