«Өткен жылы маусымның 9-ында біз, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі өз ұстанымдарымызды келісе жасайтынымызды мәлім еткен болатынбыз және ағымдағы жылы біз осы бағытта жұмыс істедік. Және Дүниежүзілік сауда ұйымына біз келісілген ұстанымның негізінде кіретін боламыз. Анау айтқандай ештеңе өзгере қоймайды», - деді К.Мәсімов өз сөзінде.
В.Путин өз кезегінде, егер Беларус Кеден Одағын құру жөніндегі алдағы қадамдарға қосылмайтын болса, Ресей мен Қазақстанға ДСҰ-ға қосылу жөніндегі келіссөздерді жүргізу жеңілірек болатынын, себебі екі елдің арасында келісілмеген мәселелердің аздау екенін атап көрсетті.