ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ертіс өзенінің экожүйесін сақтауға арналған тақырыптық сессия аясында қатысушылар трансшекаралық су ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау мәселелерін, сондай-ақ осы саладағы Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту бағыттарын талқылады.
М.Т. Ошурбаев Қазақстан мен Ресей арасында трансшекаралық су объектілерін пайдалану және қорғау мәселелері бойынша тиімді өзара іс-қимыл жолға қойылғанын атап өтіп, Ертіс өзенінің экожүйесін сақтау бағытындағы бірлескен жұмыстың маңыздылығына тоқталды.
Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар қоршаған ортаны қорғау және су ресурстарын орнықты пайдалану салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, сондай-ақ бірлескен бастамаларды іске асыруға өзара мүдделілігін растады.
Осыған дейін мамандар Ертіс деңгейі не себепті төмендегенін түсіндірген болатын.