Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.
Кездесу барысында тараптар Жайық өзені бассейніндегі жағдай мен гидрологиялық болжамды ескере отырып, Ирикла су қоймасының жоспарланған жұмыс кестесін талқылады.
Жайық өзенінің ағынын жедел бақылауды қамтамасыз ету мақсатында тараптар Ирикла, Ақтөбе және Қарғала су қоймаларының жұмыс режимдері туралы мәліметтермен күнделікті алмасып отыруға келісті.
Сонымен қатар, тараптар 2020 жылғы қазан айында Трансшекаралық су нысандарын бірлесіп пайдалану және қорғау жөніндегі Қазақстан-Ресей бірлескен комиссиясының 28-ші отырысында бекітілген Жайық, Ертіс және басқа өзендердің бассейндерінде зерттеулер жүргізу бойынша бірыңғай жол картасының іс-шараларын жүзеге асыру барысын талқылады.
Талқылау нәтижесінде алдын-ала зерттеу деректерімен алмасу және Бірыңғай жол картасының шараларын іске асыру бойынша, одан әрі жұмыстарды анықтау үшін тараптардың сарапшыларының кездесуін жақын арада өткізу туралы шешім қабылданды.