«Біздерде Каспийден бірлесіп мұнай өндіруге қатысты зор жоспарлар бар. біз Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы 1998 жылғы келісімге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы құжатқа қол қойдық. Бұл екі елдің компанияларына Орталық құрылымдағы ірі көмірсутек кен орнын игеруге кірісуге мүмкіндік береді», - деді РФ Президенті.
В.Путин өз сөзінде екі елдің арасындағы энергия жүйесі де 200 жылдан бері синхронды режімде жұмыс істеп тұрғанын атап өтті. Сонымен қатар Қазақстан мен Ресейдің ортақ электр энергиясы нарығын құру бағдарламасы әзірленіп жатқанын еске салды.
«Екібастұз ГРЭС-2-ні кеңейту және қайта жаңғырту жобасы жүзеге асырылуда. Қазақстандағы бірінші атом электр стансасын салуға дайындалудамыз», - деді ол.