Қазақстан мен Ресей Кеден одағының сыртқы шекараларында көліктік бақылау жөнінде келісім даярлауда
17:50, 22 Маусым 2010
СТАНА. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанада Қазақстан мен Ресей өкілдерінің қатысуымен Кедендік одақтың сыртқы шекараларында көліктік бақылауды ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңес өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кеңес барысында тараптар Кедендік одақтың сыртқы шекараларындағы көліктік бақылау жөніндегі келісімнің жобасын талқылады.
«Аталған келісімде Кеден одағы шекарасында жүзеге асырылуы қажет іс-қимылдардың тізімі нақты айқындалып көрсетілуі жоспарланып отыр. Мәселен, онда шетелдік және кеден одағы елдерінің тасымалдаушыларының рұқсат ету құжаттарына бақылауды іске асыру, көлемдік және салмақтық параметрлер тұрғысында талаптарды сақтау мәселелері ескерілмек», деді ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің төрағасы Әсет Асаубаев.
Оның сөзіне қарағанда келісімді ҚР Парламентінің қарауына алдағы жылдың басында енгізу жоспарланып отыр.