Ең кішкентай шебердің жасы 4-те.
Қуыршақтар әлемі орталығының директоры Лариса Сологубтың айтуынша, көрме қайырымдылық мақсатта өткізіліп отыр. Шарадан соң барлық экспонаттар қатерлі ісік дертіне шалдыққан балалар мен үлкендерге сыйға тартылады.
«Бұл біздің қайырымдылық мақсаттағы ең алғашқы жұмысымыз. Ешқандай талап, шектеу болған жоқ. Ең бастысы періштенің бейнесін жасау керек болды. Келесі жылы аукцион ұйымдастырып, тыныс алдыру аппаратын сатып алу үшін қаржы жинаймыз», - деді Л.Сологуб.
Шеберлердің бірі Екатерина Курочкина 10 жылдан бері қуыршақ жасаумен айналысып келеді.
Аталған көрмеге ол телпек киген қарт бейнесін алып келген.
Айта кету керек, қайырымдылық шарасын Ресейдің Қазақстандағы бас консулдығы қолдады.