Қазақстан мен Ресей мемлекеттік шекараны демаркациялау жұмыстарын жалғастырып жатыр
13:09, 02 Мамыр 2009
МӘСКЕУ. Мамырдың 2-сі. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Алматыда мемлекеттік шекараны демаркациялау мәселелері бойынша бірлескен ресей-қазақстан комиссиясының он екінші отырысы өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тараптар шекара белгісін орнататын жерді айқындау туралы жұмыстарды жалғастырды және осы жылғы мамырдың 18-нен бастап далалық демаркациялау жұмыстарын жүргізуге екі жақ та дайын екендіктерін білдірді.2005 жылғы қаңтарда Ресей және Қазақстан Президенттері Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев шекараны делимитациялаудың қорытындысы бойынша мемлекетаралық шекара туралы келісімге қол қойған болатын.Ресей-Қазақстан шекарасының ұзындығы 7,5 мың шақырымға созылып жатыр, бұл дүниежүзі бойынша құрғақтағы ең ұзын шекара. Оны делимитациялау үрдісі жеті жылға созылды. Оған дейін екі мемлекет те КСРО-ның біртұтас ортақ шекарасымен біріктірілген болатын.РФ Сыртқы істер министрлігі мемлекеттік шекараны демаркациялау мәселесі жөніндегі біріккен ресей-қазақстан комиссиясының 13-ші отырысы мамырда Қазақстанда болатындығын атап өтті.