Екі елдің үкіметтері арасындағы теміржол көліктері ұйымдары мен мекемелерінің, кәсіпорындарының қызметін құқық реттеу ерекшеліктері жайлы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама 2016 жылдың 4 қазанында Астанада қол қойылып, одан кейін екі елдің басшылары мен парламенттері ратификациялады.
26 қыркүйектен бастап Астана-Орал және Алматы-Орал бағыттары бойынша «Тұлпар-Тальго» жолаушылар пойызы іске қосылды. Ол Ресейдің Соль-Илецк станциясы арқылы күн сайын жолаушыларды тасымалдайтын болады.
И.Тасмағамбетов атап өткендей, бұл - Қазақстан мен Ресейдің шекарадағы облыстарының тұрғындары арасындағы байланысты оңтайландырып, туристік және іскерлік қарым-қатынастың дамуына мүмкіндік береді.