Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин гала-концертті тамашалады

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Владимир Путин Қазақстан өнерпаздарының гала-концертіне барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның Ресейдегі мәдениет күндері аясында ұйымдастырылған мерекелік кеш Үлкен театрда өтті. Сахнада қазақтың музыкалық және хореографиялық өнерін насихаттап жүрген танымал әртістер мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті.

Фото: Ақорда

Бұл концерт Қазақстанның бай мәдени мұрасын танытып, екі елдің рухани диалогын нығайтуға ықпал етті.

Фото: Ақорда

Іс-шарадан соң мемлекеттер басшылары концертте өнер көрсеткен Роза Рымбаева, Мария Мудряк, Ренат Ғайсин, Әлішер Кәрімов, Александр Беляков және Зарина Алтынбаева секілді сахна шеберлерімен әңгімелесіп, алғыс айтты.

Фото: Ақорда

Айта кетейік, Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары мазмұнды өткенін мәлімдеді.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда