Қазақстан мен Ресей президенттері жасанды интеллектіні енгізуге арналған көрмені тамашалады

АСТАНА. KAZINFORM - Ресейге жұмыс сапарымен барған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Al Journey 2026 халықаралық конференциясы аясындағы іс-шараларға қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Қазақстан мен Ресейдің жасанды интеллект саласындағы жетістіктерін паш ететін стендтермен танысты.

Фото: Ақорда

Қазақстанның көрме алаңында «Технологиялық ұлт», Startup City, GovTech, Aitu, «Көлік және FinTech салаларындағы ЖИ» секілді алты негізгі бағыт қамтылған.

Фото: Ақорда

Ресей тарапының экспозициясы білім беру, денсаулық сақтау, қала құрылысы, сот ісін жүргізу, мұнай өнеркәсібі және басқа да секторлардағы цифрлық шешімдерге арналған.

Фото: Ақорда

Екі елдің салалық ведомство басшылары жасанды интеллектіні қолдану арқылы жүзеге асырылып жатқан басым жобаларды таныстырды.

Фото: Ақорда

AI Journey («Жасанды интеллект әлеміне саяхат») – жасанды интеллект технологияларын әлемдік деңгейде дамыту мәселелеріне арналған дәстүрлі конференция.

Фото: Ақорда

Іс-шара 2016 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде бұл жиын ЖИ саласындағы беделді халықаралық алаңға айналды.

Фото: Ақорда

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу қаласына жұмыс сапарымен барды.

Фото: Ақорда

Кремльде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің кездесуі өтті.