10-11 қараша күндері Екатеринбургте Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің қатысуымен екі ел арасындағы аймақаралық 10-шы форумның өтетінін айтқан ол: «10-шы форумның басты тақырыбы өнеркәсіптік ынтымақтастық, өнеркәсіптік кооперация деп атауға болады. Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының аймақаралық форумы екі ел арасындағы сапаны арттыру мен ауқымды ынтымақтастыққа бағытталған маңызды институт болып табылады», - деді.
Ресми өкілдің атап өтуінше, Екатеринбургтегі мерейтойлық форум мен көрмеге Қазақстан мен Ресей Президенттерімен қатар екі мемлекеттің Үкімет мүшелері, министрлері, шекаралық аймақтардың әкімдері мен губернаторлары, сонымен қатар бизнес өкілдері қатысады.
«Қазақстан мен Ресей өзара тиімді ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға бағытталған осы форум аясында бірқатар маңызды келісімшартқа қол қою көзделген. Олардың ең маңыздысы бұл Мемлекет басшылары қол қоятын Қазақстан мен Ресей арасындағы ХХІ ғасырдағы көршілік және одақтастық туралы келісімшарт»,-деді А. Әбибуллаев.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз аралығында Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымының көлемі 15 млрд. 200 млн. долларға жетті.