Қазақстан мен Ресей президенттері екіжақты кездесуінің қорытындысымен бірқатар құжаттарға қол қойылды
15:10, 24 Желтоқсан 2013
МӘСКЕУ. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Ресей президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің Мәскеудегі екіжақты кездесуінің қорытындысымен бірқатар құжаттарға қол қойылды.
Атап айтқанда, Мемлекеттер басшылары ҚР мен РФ арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шартқа өздерінің қолдарын қойды.
Сонымен қатар, екі ел үкіметтерінің арасындағы құжаттарға қол қойылды. Олардың арасында «Байқоңыр» кешенін бірлесе пайдалану бойынша «жол картасы»; ҚР мен РФ үкіметтері арасындағы Қазақстанға мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама; ҚР мен РФ үкіметтері арасындағы ресейлік мұнайды Қазақстан аумағы арқылы ҚХР-ға тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім; ҚР мен РФ үкіметтері арасындағы мұнай транзиті туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама бар.