Қазақстан мен Ресей шекарасындағы өткізу бекетінде қозғалыс шектелді
АСТАНА. KAZINFORM - Моштаково ауылының Ресейге кірер тұсында өткізу мүмкіндігі уақытша шектелген сияқты, деп хабарлайды «Росгранстрой» федералдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
- Порталдық инспекциялық – тексеру кешеніне қызмет көрсету жұмыстарына байланысты Орынбор облысындағы Қазақстанмен шекарада орналасқан Моштаково көлік өткізу бекетінде Ресейге кірер тұста сағат 22:00-де уақытша көлік кептелісі пайда болған болуы ықтимал,-делінген ведомство хабарламасында.
Росгранстрой жүк тасымалдаушыларға жолға артық уақытпен шығып, болмаса балама ретінде Теплое (тек Ресей мен Қазақстан азаматтарына) немесе Ілек өткізу бекеттерін пайдалануға кеңес берді.
Осыған дейін Подстепное – Федоровка – РФ шекарасы учаскесіндегі жол айрығы уақытша жабылғаны туралы жаздық.