Қазақстан мен Ресей СІМ басшылары Шолпан-Атада кездесу өткізді
АСТАНА. KAZINFORM — Тараптар қазақ-ресей ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
ҚР Премьер-министрінің орынбасары — Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен Шолпан-Ата қаласында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы қарсаңында кездесу өткізді.
Тараптар саяси және экономикалық салалардағы, транзиттік-көліктік және энергетикалық бағыттағы қазақ-ресей ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен өңірлік интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі екі елдің өзара іс-қимылын талқылады.
Сұхбаттастар сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, биік және жоғары деңгейдегі екіжақты іс-шаралар кестесін қарастырды.
Бұдан бұрын ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсухтың қабылдауында болды.