Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық ынтымақтастығы туралы ақпаратпен Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Михаил Бочарников, РФ Қазақстандағы Сауда өкілдігінің жетекшісі Александр Яковлев, жазушы, ҚР Президенті Телерадиокешенінің бас редакторы Смағұл Рахымбек, саясаттанушылар Ғалым Жұмжаев, Николай Акуев, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Жанна Шаймұханбетова, ҚР СІМ-нің ТМД істері бойынша Департаментінің кеңесшісі Ержан Мұсралиев, мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың өкілдері сөз сөйледі.
«Дөңгелек үстелдің» қатысушыларына ҚР Президентінің Телерадиокешені түсірген «Кедендік одақ - Біртұтас экономикалық кеңістікке ықпалдастық» атты деректі фильм көрсетілді.