Қазақстан мен Ресейдің атом және ғарыш салаларындағы ынтымақтастығына қосымша серпін беру қажет - Кәрім Мәсімов

None
МӘСКЕУ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Қазақстан мен Ресейдің ғарыш саласындағы және атом өнеркәсібіндегі ынтымақтастығында оң перспективалар бар. Бұл туралы бүгін Мәскеуде РФ Үкіметінің төрағасы Владимир Путинмен кездесуде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов айтты.

К.Мәсімовтің атап өткеніндей, Қазақстан үшін электр энергетикасымен байланысты мәселелерді дамытудың маңызы зор. «Оның үстіне, біздің елдеріміздің тоғысқан жерінде электр энергиясы тепе-теңдігін құра алатын және соған пайдалануға болатын бірқатар бірлескен кәсіпорындар бар екенін ескеру қажет», - деп атап өтті ҚР Премьер-Министрі.

«Ғарыш саласы мен атом өнеркәсібі мәселелері бойынша жақсы перспективалар бар. Бұрынғы қол жеткен жұмыстарымыз алға жылжытылуда. Бұл бағытқа қосымша серпін беру қажет», - деп атап көрсетті К.Мәсімов.