Бұл туралы бүгін Мемлекеттік хатшы- Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевпен кездескен Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
С.Лавровтың сөзіне қарағанда, Ресей биыл ТМД кеңістігінде экономика мәселесімен белсенді айналыспақ. Сондай-ақ аталмыш ұйымның 2020-шы жылдарға дейінгі экономикалық даму стратегиясының бірінші кезеңін жүзеге асыру мен еркін экономикалық кеңістіктегі мемлекетаралық келісімдерді жүзеге асыру да басты міндеттердің бірі болмақ. «Осы аталғандармен қоса 2010 жыл ғылым мен инновация жылы. Бұл әлемнің барлық мемлекеттері дағдарыстан өте аз шығындармен шығуға ұмтылып қана қоймай, одан әрі дами түсуге талпынып отырған тұста ерекше маңызды мәселелер болып табылады», деді Ресей өкілі.