Қазақстан мен Ресейдің көршілес аумақтарында шегірткемен бірлесе күресудің мәні зор

ОРАЛ. 12 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Ресейдің көршілес аумақтарында шегірткемен бірлесе күресудің мәні зор. Бұл туралы Тасқала ауданы әкімдігінде аудан әкімі Қуат Мусиннің төрағалық етуімен өткен кеңесте айтылды.

Шараға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешені мемлекеттік инспекциясы комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі Жарқын Нұрпейсов, ҚР АШМ фитосанитариялық қауіпсіздік басқармасының басшысы Ажар Қажыбекова, сондай-ақ Ресей елінен келген мамандар қатысты.

Кездесуде көрші аймақтарда шегірткемен бірлесе күресудің жолдары әңгіме арқауына айналды. Екі ел қатар қимылдамаса, бір жағын улағанымен, шегірткенің екінші елге көшіп кететіні ескеріліп, бірлескен жұмыс тобы құрылып, атқарылар шаралар нақтыланды.