Екі мемлекеттің полицейлерінің бірлескен жұмысын талқылауға Новосібір, Омбы облыстары мен Алтай өлкесінің, сондай-ақ, Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарының делегациялары келді.
«Павлодар өңірінің Ресей Федерациясы шекарасымен ұзындығы 987 шақырымды құрайды. Біздің өңірлерді біріктіретін көлік ағымы бар. Сондықтан трансшекаралық қылмыспен күрес мұнда маңызды рөл атқарады. Мен қазақ жерінде көршілерімізді қарсы алғаныма қуаныштымын. Ресей мен Қазақстанның арасындағы байланыс ынтымақтастықтың үлгісіне айналған», - деді жиында облыс әкімі Болат Бақауов.
Павлодар облысы ІІД-нің бастығы Марат Қожаевтың айтуынша, бүгінгі жиналыс алдағы ЭКСПО-2017 көрмесімен байланысты.
Сарапшылардың болжамынша, Астана биыл жазда 120 елден бес миллионнан астам адамды қабылдайды.