Атап айтқанда, еліміздің Қарағанды облысы әкімі Б.Әбдішев пен РФ-нің Свердлов облысының губернаторы Е.Куйвашев Қарағанды облысы әкімдігі мен Свердлов облысы Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық ынтымақтастық туралы келісімді рәсімдеді.
Сонымен қатар дәл осындай құжатты Қостанай облысының әкімі Н.Сәдуақасов пен Свердлов облысының губернаторы Е.Куйвашев бекітсе, Атырау облысының әкімі Б.Ізмұхамбетов пен Астрахань облысының губернаторы А.Жилкин Атырау облысы әкімдігі мен Астрахань облысы Үкіметі арасындағы шекара маңы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.