Қазақстан мен Ресейдің теңіз сауда флоты мен порттарын тиімді пайдалануды және теңіздегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қарастыратын Келісім заңмен бекітілмек
11:22, 27 Қаңтар 2009
АСТАНА. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті Қазақстан мен Ресей Федерациясының үкіметтері арасындағы теңіз көлігі саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекітуді көздейтін заң жобасы бойынша қорытынды шығарды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Осы Келісімнің негізгі мақсаты ? Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы теңіз көлігі саласындағы қатынастарды реттеу мен дамыту және кеме қатынасындағы тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету.Келісім екі мемлекеттің де теңіз сауда флотын және порттарын тиімді пайдалануға, теңіздегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және теңіз ортасын қорғауға бағытталған.Келісім сондай-ақ тараптардың құзыретті органдары берген кемелік құжаттарды және теңізшілердің жеке басын куәландыратын құжаттарды тануды көздейді.