«Кейінгі кездері Қазақстанға қатысты ақпараттық шабуыл көбейіп кетті. Әрине, оның бәрі Қазақстан мен Ресейдің арасындағы достық қарым-қатынасты бұзуға бағытталған. Мәселен, Татарстандағы объектілерді Қазақстаннан ұшырылған дрондар атқылады деген қауесет болды. Оған қоса, Қазақстан Ресейдің қару-жараған Украинаға сатып жатыр деген ақпарат жарияланды. Мұның бәрі жалған мәлімет. Оны бірден Қазақстанның Қорғаныс министрлігі осының бәрін жалған ақпарат екенін жариялады. Біз мұндай ақпараттық шабуылға қарсы Ресейлік тараппен бірлесіп, жұмыс істеп жатырмыз. Барлық деңгейде байланыс орнатылған», - деді деді А.Смадияров ведомстводағы апталық баспасөз мәслихатында.
Бұл тұрғыда ол «үшінші күштер» жалған мәліметтерді пайдаланып, өздерінің әрекеттерін істеп жатқанын айтты.
«Осыдан 2 күн бұрын жасанды интеллектіні пайдаланып, Мемлекеттік думаның депутаты Андрей Гурулёвтің дауысымен Қазақстанға қарсы тағы жаман сөздер айтқызды. Бұл депутат әлеуметтік желілерде видео түсіріп, бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді. Осының бәрін ескеріп, біз Ресейдің барлық деңгейдегі мемлекеттік органдарымен тікелей байланыс орнаттық. Соның арқасында біз жағымсыз әрекеттерге тиімді қарсы тұра аламыз. Осыған байланысты барлық азамат пен БАҚ өкіліне тек ресми ақпарат көздеріне сенуге, пайдалануға шақырамыз», - деді ресми өкіл.
Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында ҚР Қорғаныс министрлігі Татарстанның Елабуга және Нижнекамск қалаларындағы кәсіпорындарға жасалған дрон шабуылына Қазақстанның қатысы жоқ екенін мәлімдеді.