Қазақстан Республикасы мен Румыния арасындағы адамдарды ұстап беру туралы шартқа 2014 жылғы 14 қарашада Бухарестте қол қойылған.
Шарт Қазақстан Республикасы мен Румыния құзыретті органдарының арасындағы қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген, сондай-ақ қылмыстық жазаны өтеуден жалтарып жүрген адамдарды ұстап беру мәселелері бойынша қарым-қатынастарды реттеуге және қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға бағытталған. Бұл ретте тараптар сотталған адамдарды беруге қатысты бiр-бiрiне барынша мүмкiн болатындай жәрдем көрсетуге мiндеттеледi. Үкiм шығарушы мемлекет немесе үкiмдi орындаушы ел азаматтарды беруге бастама жасай алады.
Сотталған адам өзі берілетін мемлекеттің азаматы болуы керек. Сот үкімі күшіне енгені болуы тиіс. Сонымен қатар ондай елдер арасындағы берулерге сотталғандардың өздері де келісім берулері қажет. Шартта адамды беруден бас тарту негiздерi айқындалған. Сонымен бiрге тараптардың әрқайсысы өз ұлттық заңнамаларына сәйкес кешiрiм, рақымшылық жасауды немесе жазаны жеңiлдетудi жүзеге асырады.
Тоқтала кететін жайт, Қазақстан бұған дейін осындай шарттарды Әзербайжан, Түркіменстан, Украина, Қытай, Түркия, Испания, Италия секілді мемлекеттермен жасаған.