Қазақстан мен Сан-Марино ойыны басталды

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы Қазақстан – Сан-Марино ойыны басталды. Кездесуді тамашалауға келген жанкүйерлер арасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та бар, деп хабарлайды Kazinform .

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Осы ойын алдында Қазақстан құрамасының қоржынында 15 ұпай болғанын айта кету керек.

Бас бапкер Магомед Адиевтің шәкірттері 8 ойынның бесеуінде жеңсе, үш ойында жеңілген болатын.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Соның қорытындысында жинаған 15 ұпаймен үшінші орында тұр.

Ал топ басында әзірге Словения құрамасы. Олардың қоржынында 19 ұпай бар.

Екінші орында тұрған Дания құрамасының ұпай саны да 19.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Осының алдындағы ойында Қазақстан футболшылары Финляндия құрама командасын 2:1 есебімен жеңген еді.