Келіссөздер барысында тараптар 2026 жылғы 26 тамызда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасында әуе қатынасы туралы келісімге қол қойылуын құптады және оның екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтудағы маңызды мәнін атап өтті.
Үкіметаралық құжат тікелей әуе қатынасын кеңейтуге, жолаушылар және жүк тасымалдарының көлемін арттыруға, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және гуманитарлық өзара іс-қимылды дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға берік негіз болатыны атап өтілді.
Кездесу барысында көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларына ерекше назар аударылды.
Тараптар транзиттік тасымалдар саласындағы өзара іс-қимылды кеңейту, көлік дәліздері мен логистикалық инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ жүк тасымалдарының көлемін ұлғайту және жаңа нарықтарға шығу үшін Қазақстан мен Сауд Арабиясының транзиттік-көліктік әлеуетін пайдалану мәселелерін талқылады.
Екі елдің бейінді ведомстволары мен көлік-логистика бизнесі өкілдері арасындағы байланыстарды жандандыруға мүдделілік білдірілді.
Осыған байланысты тараптар қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді іске асыруға және көлік саласындағы практикалық өзара іс-қимылға қосымша серпін беруге дайын екендіктерін растады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Сауд Арабиясы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға бағытталған жұмыс байланыстарын жалғастыруға уағдаласты.
Осыған дейін Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы әуе рейсі 28-ден 70-ке көбейетіні туралы жаздық.