«Конвенцияны ратификациялау уағдаласушы мемлекеттердің резиденті болып табылатын заңды және жеке тұлғалардың табыстарына қосарланған салық салуды жоюға мүмкіндік береді. Салық төлеушіге бір рет уағдаласушы мемлекеттердің бірінде ғана салық төлеу мүмкіндігі беріледі. Екінші мемлекет салықтың төленген сомасын есепке жатқызады. Екіншіден, инвестициялар үшін қолайлы жағдай жасау арқылы Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту және кеңейту күтіледі. Үшіншіден, екі мемлекетің құзыретті органдары арасында салық мәселелері бойынша ақпарат алмасу арқылы салықтан жалтаруларды болдырмау мәселесін шешуге мүмкіндік береді», деді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.
Оның айтуынша, құжаттағы жекелеген баптар қызметін уағдаласушы мемлекеттерде жүзеге асыратын әртістердің, спортшылардың, мемлекеттік қызметшілердің, студенттердің, оқытушылар мен зерттеушілердің табыстары мен өзге де төлемдеріне салық салу тәртібін көрсетеді.
Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.