екі ел арасындағы Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссияның алғашқы отырысын шақыру қажет деген келісімге келді. Бұл туралы бүгін осы кездесуден соң журналистерге сұхбат берген Сыртқы істер министрі Е.Қазыханов мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, экономикалық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысы келесі жылы өтетін болды. Сербияның Сыртқы істер министрі Вук Еремич осы комиссияның тең төрағасы. «Бүгінде екі ел арасында бірлескен қимылдарды жолға қоюға қажетті көп мүмкіндіктер бар. Өкінішке орай, екі ел арасындағы тауар айналымы мемлекеттердің мүмкіндіктеріне толық жауап бере алмайды. Бірақ бүгінде Қазақстан аймағында бірлескен кәсіпорындар жұмыс істеуде. Мен бұл ретте екі елдің әлеуеті өте зор деген ойдамын»,-деді Е.Қазыханов.
.