Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар тарихта алғаш рет меморандумға қол қойды, оған сәйкес екі елдің тағайындалған тасымалдаушылары әр тараптан әуе кемесінің кез келген түрімен елдер арасында аптасына 7 тұрақты рейсті орындау құқығына ие болды.
Министр Энтони Дерьякуестің айтуынша, «Эйр Сейшел» ұлттық авиакомпаниясы қол қойылған құжат негізінде келесі жылдың қаңтарында Виктория - Алматы бағыты бойынша елдеріміз арасында тікелей рейс ашуды жоспарлап отыр.
Тараптар екі ел арасындағы туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін тікелей әуе қатынасының маңыздылығын атап өтті.