Жиында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың, оның ішінде инвестициялар, өнеркәсіп кооперациясы, машина жасау, ТМК, аса маңызды минералдар және басқа да бағыттар бойынша ауқымды мәселелерді талқылады.
Отырыс барысында Қазақстанда Volvo жүк автомобильдерін өндіруге дайындықты көздейтін Astana Motors және Volvo Group арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Жобаның бастапқы кезеңінде алыс қашықтыққа тасымалдауға арналған Volvo FH13 магистралды тартқыштарын шығару жоспарланып отыр. Сонымен қатар өнеркәсіп пен құрылыста кеңінен қолданылатын Volvo FMX13 автокөліктерін өндіру мүмкіндігі қарастырылу үстінде.
Швед автомобиль компаниясы – кеңейтілген модельді жүк көліктерін шығаратын әлемдегі көшбасшы өндірушілердің бірі. Өткен жылы Volvo Trucks Қазақстанда алғашқы сервистік стансасын және Орталық Азия мен Кавказ өңірі үшін жаңа кеңсе ашты. Бірлескен өндіріс алаңын іске қосу отандық автомобиль саласының әлеуетін нығайтып, Қазақстан мен Швеция арасындағы өнеркәсіптік ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтереді.
Осыған дейін 2026-2028 жылдары тау-кен металлургия кешені ауқымды цифрлық трансформациядан өтеіні туралы жаздық.