Бұл келісімнің мақсаты – екі мемлекет арасындағы бағалы металдардан жасалған бұйымдардың айналымын оңтайландыру. Заң екі мемлекеттің экономикалық өзара іс-қимылын дамытуды және отандық зергерлік өнеркәсіпті қолдауды көздейді.
Келісім Қазақстан Республикасы мен Швейцария Конфедерациясы арасында бағалы металдардан жасалған заттардың саудасын дамытуға, сондай-ақ металдың құрамын қайта тексеру және қосарланған таңбалау рәсімін оңтайландыруға ықпал етеді.
Бұл қадамдар зергерлік заттарды экспорттау кезінде әкімшілік жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Швейцария жағы осындай келісімдерді Ресей Федерациясымен, Франциямен, Италиямен, Австриямен, Испаниямен бекітті.