Қазақстан мен Сингапур арасындағы инвестициялар туралы келісім ратификацияланды

АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасындағы көрсетілетін қызметтер саудасы және инвестициялар туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.