Қазақстан мен Сингапур екіжақты консультациялар жөнінде өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

None
АСТАНА. 21 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен Сингапур Премьер-Министрі кеңсесі жанындағы екінші сыртқы істер министрі Грэйс Фу екіжақты консультациялар жөнінде өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Кездесу барысында ҚР Сыртқы істер министрі Г. Фу ханымның Қазақстанға жасаған алғашқы ресми сапарымен құттықтады. «Біздің елдеріміз бұрыннан тығыз қарым-қатынаста, әсіресе Қазақстан көшбасшысы мен Сингапурдың негізін қалаушының арасындағы жеке достықты атап өткім келеді», - деді Е. Ыдырысов.

«Біздің әріптестігіміздің негізі заманға сай, болашағын бағамдап үлгерген Қазақстанды қалыптастыруда. Елдеріміз арасында көптеген салада тығыз әріптестік байланыс бар. Атап айтар болсақ: е-үкіметтің, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметтің жұмысын жақсарту, бизнес секторды дамыту, білім берудің жаңа қалыптарын дамыту, қала салу ісін жоспарлау, көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту және тағы басқалар», - деп атап өтті Е. Ыдырысов.