Хаттамаға 2013 жылдың 9 сәуірінде Сингапурде қол қойылған. Құжатта салық салу мәселелері бойынша салықтық жалтаруларды болдырмау мақсатында ақпарат алмасу бөлігінде өзгерістер, сондай-ақ Келісімнің ережелерін екі мемлекеттің де орталық органдарына қолдану бөлігінде нақтылау енгізіліп отыр.Жаңа редакциядағы құжатқа сәйкес, уағдаласушы мемлекеттердің құзыретті органдары келісім ережелерін орындау үшін қажетті ақпараттар алмасатын болады.
Егер ақпаратты уағдаласушы мемлекеттің біреуі сұратқан болса, басқа уағдаласушы мемлекет сұратылған ақпаратты жинау жөнінде шаралар қолданады.
Осылайша Хаттама екі мемлекеттің салық қызметтері арасындағы ынтымақтастық аясын кеңейтуді ынталандыратын болады.