Оның атап өтуінше, келісім екі елде де жұмыс істейтін компаниялардың қосарлаған салықтан босатылуын көздейді.
«Қазақстан тарапы қарап, келісімді келісу бойынша мемлекетішілік процедура жүргізді әрі словениялық тарапқа жіберді. Дегенмен, Словенияның Еуроодаққа кіретіндігін ескеру қажет және бұл тұрғыда оларда процедура сәл ұзаққа созылады. Бірақ, осы отырысты өткізу барысында біз бұл іс-шараларды жыл соңына дейін аяқтап, қол қоюға келісімнің барлық жобасын дайындауды келістік. Келесі жылы словениялық тараптың ресми шақыруымен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Словенияға сапары орын алуы әрі сол кезде келісімге қол қойылуы мүмкін», - деді ол.
Естеріңізге қала кетейік, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Словения үкіметаралық комиссиясының ІІІ отырысы 2014 жылы Словенияда өтеді.