Қазақстан мен Тәжікстанның Сыртқы істер министрлері өзара ынтымақтастық мәселелеріне қатысты бірқатар құжаттарға қол қойды

None
амыздың 24-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Сыртқы істер министрлері кеңесінің қорытындылары бойынша Қазақстан мен Тәжікстан үкіметтері арысында екі елдің аймақтарында дипломатиялық өкілдіктер салу үшін жер телімдерін бөлу жөніндегі келісімге қол қойылды.

Аталмыш құжатқа Қазақстан тарапынан Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев, Тәжікстан тарапынан осы елдің Сыртқы істер министрі Хамрахон Зарифи қол қойды. Тараптар сонымен қатар екі ел арасындағы қарым-қатынастарды жетілдіруге бағытталған Сыртқы істер министрлері кеңесінің хаттамасына қол қойды. «Бүгінгі Сыртқы істер министрлері кеңесі екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашып отыр. Мен Тәжікстандық әріптесіме зор алғысымды білдіремін. Олар Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығын қолдады. Енді осы ұйымның Астанада өткізілгелі отырған саммитіне де белсенді араласуға ниет білдіріп отыр. Сондай-ақ Хамрахон Зарифи келесі кездесуімізді Душанбеде өткізуді ұсынып отыр. Мен оған осы ұсыныс үшін де ризашылығымды білдіремін. Біз Душанбадегі кездесуде бүгінгі келісімдердің қаншалықты тиімді жүзеге асып жатқандығын талқылайамыз деген ойдамын», деді Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев.