АСТАНА. KAZINFORM – Ақорда Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы одақтастық туралы шарт ратификацияланғанын мәлімдеді.
- Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, делінген ресми ақпаратта.
Заңның мәтіні ресми баспасөзде жарияланады.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан мен Тәжікстан әскери және экономикалық ынтымақтастықты кеңейтетіні де хабарланды.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.