Тараптар саяси әрекеттестіктің тұрақты сипатқа ие болып отырғанын, жоғары және ең жоғары деңгейдегі байланыстардың үзілмей келе жатқанын, бұл екіжақты күн тәртібінің кеңеюіне ықпал етіп отырғанын атап өтті.
Сауда, инвестиция, өнеркәсіп, көлік және логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, туризм және спорт салаларындағы ынтымақтастықтың болашағы талқыланды.
Қазақстан — Тәжікстанның негізгі үш сауда серігінің бірі. 2026 жылдың қаңтарынан қыркүйегіне дейін елдер арасындағы сауда айналымы былтырғымен салыстырғанда 25,6%-ға өсіп, 1,13 миллиард долларға жетті. 2025 жылы Тәжікстан экономикасына Қазақстаннан 133,8 миллион доллар инвестиция салынды, соның 14,4 миллион доллары тікелей инвестициялар.
Тараптар Сауда айналымын арттыру және Қазақстанның шикізат емес өнімдерін жеткізуді кеңейту бойынша жол картасын қабылдау туралы келісімге келді.
Сирек кездесетін металдарды өңдеу, қазақстандық инвесторлардың қатысуымен Тәжікстанның алюминий өнеркәсібін жаңғырту, бидай жеткізілімдерінің тұрақтылығы және 2027 жылы Қазақстан арқылы мұнай өнімдерін жеңілдікпен тасымалдау перспективалы бағыттар ретінде аталды.
Тікелей инвестицияларды тартуға, бірлескен кәсіпорындар құруға, еркін экономикалық аймақтардың әлеуетін пайдалануға және аймақаралық байланыстарды дамытуға ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 20-шы отырысының хаттамасына қол қойды. Комиссияның келесі отырысы 2027 жылы Астанада өтеді.
Бұған дейін Kazinform Қазақстан компанияларының Тәжікстан нарығын игеру болашағына сараптама жасаған болатын.
Тәжікстанда Қазақстан Республикасы күні аталып өтті.