Қазақстан мен Түрікменстан басшылары екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың негізгі бағыттарын талқылады
16:13, 05 Желтоқсан 2012
АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президенті Құрбанқұлы Бердымұхамедовпен кездесу өткізді, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Кездесу барысында сауда-экономикалық және көлік-коммуникациялық салалардағы екі жақты ынтымақтастықты нығайтудың негізгі бағыттары талқыланды.
Сонымен қатар, мемлекет басшылары Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы келешектегі мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимыл мәселесін қарастырды.