Кездесу барысында осы жылдың басынан қазіргі уақытқа дейін Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары Түркияда 16 жарысқа қатысып, 30-дан астам оқу-жаттығу жиынын өткізгені белгілі болды.
«Қазақстан мен Түркия – тарихтың, тілдің, діннің және мәдениеттің ортақтығына негізделген берік байланыстағы бауырлас ел. Қазақ-түрік қатынастары жыл сайын дамып, нығайып келеді. Әсіресе спорт саласында тығыз және достық қарым-қатынас қарқынды дамып келеді», - деді Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.
Айта кетейік, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының спорттық бағдарламасына түрік халқының мангала және ашыртмалы аба гюреши спорты енген.
Елімізде өтіп жатқан ойынға Түркия Республикасынан 97 спортшы спорттың 12 түрі бойынша қатысып жатыр.