"Түркия - 1991 жылы Қазақстанның тәуелсiздiгiн мойындаған және ҚР-да өз өкiлдiгiн ашқан тұңғыш ел. Жаһандық, аймақтық және ұлттық деңгейде жоғары даму көрсеткiштерiне жетiп отырған Қазақстанның экономикасының одан әрi қарқын алуына түркиялық компаниялар да өздерiнiң үлкен үлестерiн тигiздi. Қазiргi уақытта Түркия компаниялары Қазақстанның барлық облыстарында жұмыс жасауда", - деп атап көрсеттi елшi.
"Екi ел арасындағы жемiстi ықпалдастық 20 жылдан астам уақытқа созылып келедi. Бүгiнде Қазақстан мен Түркия арасындағы екiжақты сауда-саттықтың көлемi 4,5 млрд. долларды құрайды. Ал Қазақстан экономикасына салынған инвестиция көлемi 2 млрд. АҚШ долларынан асып жығылады", - деп түйдi Ө.Түзел.