Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықтың қазіргі жайын талқылады, сонымен қатар өзара ықпалдастықты одан әрі кеңейту мен тереңдету қажеттігін растады.
02:33, 20 Қазан 2018
Қазақстан мен Түркия екіжақты әскери-техникалық ынтымақтастық мәселесін талқылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев түркиялық «Aselsan» компаниясының бас директоры, директорлар кеңесінің төрағасы Халук Гергюнмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қорғаныс ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.