«Бауырлас Түркиямен ынтымақтастық Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағытының бірі болып табылады. Біз бауырластық пен ынтымақтастық дәстүрін жалғастырып, оның сабақтастығын сақтауға, өзара сенімнің стратегиялық серіктестікті нығайтуға ниеттіміз», - деді Елбасы. Осы орайда Президент Қазақстанда түрік компаниялары табысты жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. «Экономиканың шикізаттық емес секторларында ынтымақтастық аясын кеңейте түсу маңызды», - деді Н.Назарбаев. Өз кезегінде сенім грамоталарын тапсыру рәсімінен кейін Түркияның Елшісі Невзат Уянык осы беделді қызметін атқару барысында бауырлас елдер арасында орнаған жоғары қарым-қатынасты одан ары қарай нығайту жолында барша күш-жігерін жұмсайтындығын атап өтті.
13:50, 28 Қазан 2015
Қазақстан мен Түркияның шикізаттық емес секторларда ынтымақтастығын кеңейту маңызды - ҚР Президенті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркиямен ынтымақтастық Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағытының бірі. Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар елдің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдау кезінде осылай деп мәлім етті.