— Жобалардың бірі Қазақстан мен Түрікменстан арасында жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдауға рұқсатсыз жүйе енгізуді көздейді. Бұл қазақстандық тасымалдаушыларға рұқсат құжаттарын сатып алмай және 250 АҚШ доллары көлеміндегі алымды төлемей тасымалдарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, — делінген хабарламада.
Сондай-ақ депутаттар Қазақстанның Жүктерді халықаралық жолмен тасымалдау шарты туралы конвенцияға (ЖТШК) қосылуы және халықаралық автомобиль тасымалдары кезінде e-CMR электрондық жүкқұжатын пайдалануға көшу мәселелерін талқылады.
Электрондық жүкқұжат қағаз құжат айналымын, жүктерді ресімдеуге жұмсалатын шығындар мен әкімшілік кідірістерді азайтуға, сондай-ақ логистикалық процестердің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.
Заң жобалары бойынша комитет жұмысы жалғасады.
Бұған дейін жүк көліктерінің салмағын өлшейтін станциялар саны көбеюі мүмкін екенін жаздық.