Қазақстан мен Түрікменстан үкіметтері қылмысқа қарсы бірлесе күреседі

Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі қылмысқа қарсы бірлесе күресетін болды. Бұл туралы құжатты Президент мақұлдады.

- Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы қылмыскерлікке қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген Ақорда таратқан құжатта.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Айта кетейік, Президент ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шағын құрамдағы отырысына қатысты.