Қазақстан мен Уганда футбол құрамалары арасында матч өтпейтін болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасының Уганда командасына қарсы жолдастық матчы 16 маусымда Алматының Орталық стадионында өтпейтін болды, деп хабарлады Vesti.kz.

Екі елдің футбол федерациялары арасында белгілі бір уағдаластық болған, алайда ойынға үш күн қалғанда, кездесуді өткізбеу шешімі қабылданды, ресми себебі кейінірек айтылатыны атап өтіледі.

16 маусымда Қазақстан құрамасы тағы бір африка елі Кабо-Вердеге қарсы ойынға шығуы тиіс болатын, алайда қарсыластар соңғы сәтте Қазақстанға келуден бас тартты. Угандамен мәжбүрлі түрде ауыстырылған болатын.

Еске салсақ, 12 маусымда Алматыда Қазақстан құрамасы Түркиядан 0:1 есебімен ұтылды. Ойын Еуро-2016-ға іріктеу аясында өткен.