Қазақстан мен Украина арасындағы ынтымақтастықтың дамуы талқыланды

АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Украинаның Сыртқы істер министрі Константин Грищенкомен телефон арқылы сөйлесті.

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі мәлім етті.

Сұхбаттасушылар Қазақстан мен Украина арасындағы екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықтың дамуына қатысты мәселелерді талқылады.

Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қарқынына тоқтала отырып, сұхбаттасушылар стратегиялық әріптестіктің жан-жақты толтырылып отыруының маңыздылығын атап өтті.

Екі елдің сыртқы істер министрлері одан кейін ағымдағы жылдың 8 сәуірі күні Киевте өтетін ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына дайындық барысын қарады.