Қазақстан мен Украина президенттері Киевтегі Даңқ саябағында болды
07:35, 15 Қыркүйек 2010
АСТАНА-КИЕВ. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат - Қазақстанның Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Украина Президенті Виктор Янукович Киев қаласындағы Даңқ саябағында болды.
Қазақстан Президентінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, онда екі елдің мемлекет басшыларының қатысуымен Белгісіз жауынгердің зиратына гүл шоқтарын және Украинадағы Ашаршылық құрбандарының мемориалына шамдал қою рәсімі болды.